Футзалдан Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншыларының тізімі

Футзалдан Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншыларының тізімі

23 қаңтар, 09:38
Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака қаңтар айында өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың есімдерін жариялады. 

Оқу-жаттығу жиыны 23-31 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Жиынның соңғы күні Чехияның Брно қаласына жол тартады. 2020 жылғы Әлем Чемпионатының элиталық кезеңінің іріктеу ойындары 2-5 ақпан аралығында өтеді. Біздің құраманың қарсыластары – Румыния, Словения және Чехия. 

Оқу жаттығу жиынына 16 ойыншы шақырды: 

Қақпашылар: Игита («Қайрат»), Александр Гуров («Аят»), Нұрәлем Байдолла («Жетісу»);

Алаңдағы ойыншылары: Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Нұрсұлтан Пиялы, Дуглас (барлығы - «Қайрат»), Азат Валиуллин («Аят»), Дінмұхамбет Сүлейменов, Арнольд Кнауб (екеуі де - «Жетісу»), Қайрат Иманалин («Ақтөбе»), Тайнан, Лео (екеуі де - «Спортинг», Португалия);

Жаттықтырушылар штабы: Рикардо Кака – бас бапкер, Сергей Коридзе – бас бапкердің көмекшісі, Де Соуза Лиуз Энрике – дене даярлығы бапкері, Нұрлан Битүгілов - дәрігер, Тиаго Виейра - физиотерапевт, Жандос Кеңесов - администратор, Уәлихан Байтақов - менеджер. 
 

Бөлісу
Жоғары