ҚФФ басшысы төрешілермен кездесті

ҚФФ басшысы төрешілермен кездесті

29 ақпан 2020, 16:40
Қазақстан Футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков маусым алдында отандық футбол төрешілерімен кездесу өткізді.

«Астана» мен «Қайсар» арасындағы Суперкубок ойыны қарсаңында Қазақстан Футбол федерациясының басшысы Әділбек Жақсыбеков Премьер-лиганың бас төрешілерімен жүздесті. 

Басқосуда Футбол федерациясының басшысы Төрешілер корпусының өкілдеріне ҚФФ ұйымдастыратын барлық турнир аясында жұмысты жақсартуды тапсырды. Сонымен қатар, Әділбек Рыскелдіұлы төрешілерді әділ ойын қағидасын (Fair Play) сақтауға шақырып, нәтижеге жетуді қалайтын тараптардың әртүрлі ұсынстарынан бас тартуды сұрады.

Сөз соңында ҚФФ басшысы төрешілерге сәттілік тіледі.

Бөлісу
Жоғары