«Футбол сабағы» оқу-әдістемелік материалы таныстырылды

«Футбол сабағы» оқу-әдістемелік материалы таныстырылды

23 тамыз, 14:30
«Футбол сабағы» бағдарламасын қашықтан меңгеру жүйесін қарастыру үшін Қазақстан футбол федерациясы арнайы видеоматериал әзірледі.

Оқу құралы ретінде «Футбол сабағы» бапкерлер технологиясының негізінде құрылып, орта мектеп оқушыларына арналып жасалды.

Сонымен қатар, Қазақстан футбол федерациясы дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арнап тұрақты түрде әдістемелік модульдар жасайды.

Демек, оқытушылардың өзі «Футбол сабағы» бағдарламасын жүргізу арқылы жасөспірім футболшыларды оқу-жаттығу жұмыстарына дайындай бастайды.

Сан алуан тақырыптарды қамтитын «Футбол сабағы» бағдарламасының алғашқы таныстырылымы «Шығыс» жасөспірімдер орталығында болған Online-конференцияда көрсетілді.

«Оқытушының кәсіпқой деңгейдегі мамандыққа ұмтылуын заманауи білім беру жүйесі аясында кеңейтуі» атты тақырыпта форум ұйымдастырылды.

Бұл іс-шара әдістемелік, тәжірибиелік жұмыстарда, физиотәрбие, сонымен қатар, денешынықтыру мен бұқаралық спорттық жұмыстарда белсенді болып жүрген мамандардың басын қосты.

Бұл бағыттағы жұмыстарды қадағалайтын тараптан Білім және ғылым министірлігі құзыретіндегі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының директоры Тастанбек Есентаев мырза болды.

Өзекті тақырыптарға баяндама жасау үшін «Шығыс» жасөспірімдер орталығы тарапынан арнайы мамандар мен орталық директоры Нұрлан Тәженов мырза сөз сөйледі.

Конференцияға қатысқан Қазақстан футбол федерациясының балалар мен жасөспірімдер футболы департаментінің директоры Ерлан Жамантаев қатысушыларға Қазақстан футбол федерациясы әзірлеген «Футбол сабағы» әдістемелік құралын таныстырды.

Кеңге таныстырылып әрі жоғарғы бағасын алған бұл құралды тілге бөлінетін видеоматериалдар етіп жүктеп отырмыз.

Жалғасы бар!

Бөлісу
Жоғары