Әділбек Жақсыбеков ФИФА және бірқатар ұлттық қауымдастықтардың кездесуіне қатысты

Әділбек Жақсыбеков ФИФА және бірқатар ұлттық қауымдастықтардың кездесуіне қатысты

12 тамыз 2020, 17:30
Форумға ФИФА жетекшілері, сонымен қатар Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Молдова, Ресей және Украина футбол федерацияларының басшылары қатысты.

ФИФА президенті Джанни Инфантино басқарған жиын онлайн-конференция түрінде ұйымдастырылды.

Қазақстан тарапынан ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков қатысты.

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясының басшысы Джанни Инфантино COVID-19 індетінің әлем футболына тигізген әсері, сонымен қатар ФИФА-ның ахуалды тұрақтандыру бойынша қабылдаған шаралары туралы баяндама жасады.

Ұлттық қауымдастықтардың президенттері пандемияның футболға тигізген кері ықпалын еңсерудің шараларын түсіндірді.

ҚФФ басшысы Әділбек Жақсыбеков кездесуге қатысушыларды қазақ футболының қазіргі жағдайымен, сондай-ақ елдегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың динамикасы және әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы хабардар етті.

ФИФА президенті Джанни Инфантино футболды қалпына келтіру жолында жасалған қадамдар үшін қатысушыларға шексіз алғысын білдірді.

Бөлісу
Жоғары