Бапкерлерге арналған УЕФА-ның «D» санатына үміткерлер қабылданады

Бапкерлерге арналған УЕФА-ның «D» санатына үміткерлер қабылданады

28 шілде 2020, 16:00
Білім беру бағдарламасын УЕФА, ҚФФ және Нұр-Сұлтан қаласының футбол федерациясы ұйымдастырып отыр.

Бапкерлерге арналған «D» категориясы әуесқой, жастар, әйелдер мен ардагерлер футболына ресми жұмысқа орналасу құқығын береді.

Оқу бағдарламасы - 16 сағат.

Теориялық сабақтар онлайн режимінде ұйымдастырылады.

Практикалық сабақтарда санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың ережелері қатаң сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласы мен Қазақстанның басқа аймақтарының үміткерлері қатыса алады.

Оқу курсының басталуы 2020 жылдың 17 тамызына жоспарланған.

Анықтама телефоны: +7 701 737 40 99

Бөлісу
Жоғары