Қазақстан футбол федерациясы Әділбек Жақсыбековті құттықтайды!

Қазақстан футбол федерациясы Әділбек Жақсыбековті құттықтайды!

26 шілде, 00:01
Бүгін – Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбековтің туған күні.

Әділбек Жақсыбековтің отандық футболды дамытуға қосқан үлесі уақытылы әрі табысты жүзеге асырылған жобалармен өлшенеді.

«Алға, Qazaqstan! Вперед, Футбол!» ұлттық даму стратегиясы аясында Қазақстан футбол федерациясының қызметі жүйелі ұйымдастырылған.  

Стратегияның негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға сәйкес, сонымен қатар Қазақстан футбол федерациясының аймақ басшыларына жасаған өтініштерінің арқасында спорт ғимараттарын қайта жөндеу және кәсіпқой футбол клубтарының инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.

Басым бағыттардің бірі бапкерлер мен төрешілер корпусының біліктілігін көтеру. Ең алдымен балалар мен жасөспірімдер футболындағы бапкерлердің дайындығын көтеру алға қойылды. Бұл мәселені шешумен Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы айналысады. Төрешілердің кәсіби шеберлігін көтеру жұмыстары УЕФА Төрешілер конвенциясының әдістемесі аясында жүргізіледі.

Қазақстанның барлық құрама командаларына ойыншыларды дайындайтын футбол орталықтары мен академиялардың жұмысы қарқын алып келеді. Сонымен қатар, білім мектептерінің оқушыларының жаттығуы мен жарысқа қатысуын қамтамасыз ету үшін «Футбол сабағы» республикалық бағдарламасы мен ауқымы кең Ұлттық мектеп лигасы жүзеге асырылды.

Спорттың ең кең таралған түрін насихаттап, салауатты өмір салтын қалыптастыру жолында әуесқой футболдың атқарар қызметі зор. Қазіргі таңда елімізде алты жүз мыңнан астам әуесқой футболшы тіркелген. Бұл көрсеткішке УЕФА мен ФИФА жоғары баға берді. Қазақстан бұқаралық футболды дамыту бағдарламасын жүзеге асырып, қола статусқа ие болды.

Қазақстан құрама командаларының нәтижелері де құрлықтың іріктеу турнирлері мен халықаралық жарыстарда жақсарып келеді.

Жақында ғана аяқталған Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы көрсеткен нәтиже жоғары бағаланды. Біздің футболшылар соңғы турға дейін топтан үшінші орын алу үшін күресіп, 10 ұпай жинады. Қазақстан құрамасы осы уақытқа дейінгі жоғары нәтижені қайталады. 2008 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінің ойындарымен салыстырғанда Қазақстан құрамасы төрт ойын кем ойнады.
Қазақстан жастар құрамасы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінде жақсы ойын көрсетіп, турнирлік тартысты бастады. Қазіргі таңда біздің құраманың қоржынында екі жеңіс пен бір тең ойын бар.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының нәтижелері де жанкүйерлерді қуантып жүр. Өткен жылы жас өрендер УЕФА Даму Кубогы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогында топ жарды.

Жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасы қарқын алып келеді. Біздің құрама Еуролига ойындарында жоғары нәтиже көрсетті. Қазақстан құрамасы турнирдің промофиналында күміс жүлде алып, бір жыл бұрынғы қола жүлдені жаңартты.

Футзалдан Қазақстан құрамасы құрлық чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысып, кезекті рет Әлем Чепионатының финалдық бөлігіне қатысуға жолдама алды.

Жоғары да айтылған және басқа да деректер еліміздегі спорттың ең жақсы дамыған түрінің дұрыс жолда келе жатқанын көрсетеді. Қазақстан футбол федерациясының жетекшісінің қызметі мен жауапкершілігі мол табыстың кепілі болғаны айқын.

Туған күніңізбен, Әділбек Рыскелдіұлы!

Зор денсаулық мен аман-саулық тілейміз!

Қажымас қайрат, отбасылық бақыт және жаңа табыстар тілейміз!

Қазақстан футбол федерациясының ұжымы

Бөлісу
Жоғары