Қазақстан құрама командаларының жаттықтырушылар штабында өзгерістер болды

Қазақстан құрама командаларының жаттықтырушылар штабында өзгерістер болды

23 шілде, 15:00
Еліміздің жастар және жасөспірімдер құрамаларының бапкерлері ауысты.

Қазақстан футбол федерациясының Бапкерлер кеңесінің видеоконференция форматында өткен жиынының қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.

21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасын Құлшынбаев Алмас Жақанұлы жаттықтыратын болды. Оның көмекшісі болып Нұрдәулетов Қайрат Жұмабекұлы қала бермек.

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасында Алмас Құлшынбаевтың орнын Гавриленко Артём Анатольевич басады.

15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиынын  Арутюнян Жора Ашотович жүргізеді.

Қос бапкер де «Қайрат» (Алматы) футбол клубының академиясында жұмыс істейді.

Артёма Гавриленко мен Жоры Арутюняннің көмекшілері кейін қабылданады.

17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының жаттықтырушылар штабын Сарманов Жандос Қайратжанұлы басқармақ. Оның көмекші болып Морунов Евгений Павлович шақырылды.

19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасын жаттықтыру Геймат Искандар Исмаиловичке сеніп тапсырылды. Оның көмекшісі Нәукенов Сәкен Рахметоллаұлы болмақ.

17 және 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының жаттықтырушылары Шымкент қаласының «БИІК-Қазығұрт» және СДЮШОР №7 командаларынан алынып отыр. Ал, 19 жасқа дейінгі Қазақста қыздар құрамасының аға жаттықтырушысының көмекшісі Сәкен Нәукенов Ақтөбе қаласының ОСДЮСШ №2 командасын жаттықтырады.

Қабылданған мамандардың барлығы алғашқы кезеңде бапкердің міндетін атқарушы қызметінде бастайды.

Қазақстан футбол федерациясының Бапкерлер кеңесінің отырысына ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтқожин, сонымен қатар, ардагерлер мен бапкерлер корпусының өкілдері, ҚФФ Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов, Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының спорт директоры Павел Демян, Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек, Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Рәзия Нүркенова, футзалдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Паулу Рикарду Фигейро Силва, жағажай футболынан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы және Бұқаралық, балалар-жасөспірімдер және қыздар футболы департаментінің директоры Ерлан Жамантаев, ҚФФ әйелдер футболы комитетінің төрағасы Бауыржан Әбдубайытов, Футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаев, ҚФФ бапкер кеңесшісі Айтбай Жамантаев және ҚФФ Техникалық орталығының директоры Иван Азовский қатысты.

Бөлісу
Жоғары