Қазақстан құрамасының қатарына Сұлтан Әбілғазы қосылды

Қазақстан құрамасының қатарына Сұлтан Әбілғазы қосылды

13 қазан, 00:26
Ұлттық құраманың сапында өзгерістер.

Қостанайлық «Тобылдың» орталық қорғаушысы Сұлтан Әбілғазы Қазақстан құрамасына қосылды. Алғаш рет шақырту алған футболшы Беларусьпен өтетін ойында алаңға шығуы мүмкін.

Беларусь құрамасына қарсы қорғаушы Александр Марочкин мен жартылай қорғаушы Юрий Перцух ойнамайтын болды. Екі футболшы да Албаниямен өткен ойында жарақат алды.

Жарақатына байланысты команда капитаны Бауыржан Исламхан да құраманың қатарынан кетті.

Бөлісу
Жоғары