Калоян Петков Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Калоян Петков Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

14 желтоқсан 2020, 20:30
Қазақстан футбол федерациясының штаб-пәтерінде Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері таныстырылды.

Команданы тәжірибелі болгариялық маманы Калоян Петков жаттықтырады.

Ол Шымкенттің «БИІК-Қазығұрт» әйелдер футбол клубын ұзақ жылдары жаттықтырып келеді.

Сонымен қатар, Петков 2012-2016 жылдар аралығында Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қызметін атқарған.

«БИІК-Қазығұртты» жаттықтырған Калоян Петков Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанып, сонымен қатар ел кубогы мен ел суперкубогында топ жарды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары