Қазақстанда «Менің ойыным» қыздарға арналған футбол фестивалі жалғасуда

Қазақстанда «Менің ойыным» қыздарға арналған футбол фестивалі жалғасуда

29 тамыз 2023, 17:28
Қазақстан футбол федерациясы Оқу-ағарту министрлігінің ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен бірлесіп, қыздар арасында «Менің ойыным» футбол фестивалін өткізуді жалғастыруда.

Мұндай акцияның басты мақсаты – Қазақстанда әйелдер футболын танымал ету.

9 бен 12 жас аралығындағы қыздарды қолдауға және шабыттандыруға арналған фестиваль оларға қызықты жаттығу ортасын, футбол ойнауды және қызықты уақыт өткізуді ұсынады. 2023 жылдың көктемінде Қазақстанның 20 ірі қаласында сәтті басталған фестиваль бұдан да көп футбол жанкүйерлерін қамту мақсатында күзде қайта оралуға дайын.

«Менің ойыным» қыздар арасындағы футбол фестивалінің кестесі:

Қостанай: 5 қыркүйек

Петропавл: 8 қыркүйек

Көкшетау: 19 қыркүйек

Павлодар: 22 қыркүйек

Өскемен: 26 қыркүйек

Семей: 28 қыркүйек.

Фестивальдің мәні – белсенді өмір салтын және футболға деген қызығушылықты ынталандыру ғана емес, сонымен қатар жас қыздардың бойында өзіне деген сенімділікті арттыру. Спорт әлеміндегі теңдікті ілгерілетуге бағытталған бұл маңызды қадам 2024 жылдың көктемінде жалғасады, фестиваль 14 қосымша қалада өтеді деп жоспарланған.

Ұйымдастырушы топ жас қатысушылармен кездесуді асыға күтеді және «Менің ойыным» футбол фестивалі Қазақстанның футбол өміріндегі жарқын әрі маңызды оқиғаға айналатынына сенімді. Біз барлық қыздарды және олардың отбасыларын осы қызықты және шабыттандыратын спорт пен қуаныш мерекесіне қосылуға шақырамыз!

Қазақстан футбол федерациясының әлеуметтік желілеріндегі жаңалықтарды бақылаңыз.

Бөлісу
Жоғары