Асхат Тағыберген: «Біз жанкүйерлерімізді жеңіспен қуантқымыз келеді»

Асхат Тағыберген: «Біз жанкүйерлерімізді жеңіспен қуантқымыз келеді»

06 қыркүйек 2023, 20:18
Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген матч алдындағы баспасөз мәслихатында Финляндияға қарсы Еуро-2024 іріктеу матчына дайындық барысы туралы айтты:

– Біз жүз пайызға дайынбыз және жанкүйерлерімізді жеңіспен қуантқымыз келеді. Біз бұған дейін де жақсы футбол көрсеттік, енді Қазақстан құрамасының жанкүйерлерін тағы да қуантамыз деп үміттенеміз.

Әрине, жоғарыда айтылғандай, біз дайынбыз. Ертегі атанған Даниямен ойыннан кейін тағы да жеңіске жетеміз деп сенеміз. Бұрын Финляндияны жеңген жоқпыз ба? Дәл осындай жағдай Даниямен де болды.

Біз жанкүйерлер үшін, халқымыз үшін ойнаймыз. Бізге сенетін және бізден жеңіс күтетін барлық жанкүйерлерді ертең күтеміз!

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары