Астанада отандық төрешілердің оқу-жаттығу жиыны басталды

Астанада отандық төрешілердің оқу-жаттығу жиыны басталды

12 қыркүйек 2023, 11:16
12-14 қыркүйек аралығында елордада қазақстандық футбол төрешілерінің оқу-жаттығу жиыны өтеді.

Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған Премьер-лиганың 62 төрешісі қатысады.

Семинар бағдарламасына «Ойынды басқару, қарама-қарсылық, техникалық аймақтарды бақылау», «Айып алаңындағы оқиғалар», «Айып алаңындағы негізгі шешімдер», «Офсайд» және «Дөрекі ойын және спорттық емес мінез-құлық» атты теориялық сабақтар өтеді.

Сонымен қатар, физикалық стандарттар бойынша ФИФА тесті мен жаттығулар жоспарланған.

Бөлісу
Жоғары