Бақтиер Зайнутдинов: «Ертең бізді тамаша кеш күтіп тұр, біз оны асыға күтеміз»

Бақтиер Зайнутдинов: «Ертең бізді тамаша кеш күтіп тұр, біз оны асыға күтеміз»

06 қыркүйек 2023, 20:56
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов матч алдындағы баспасөз мәслихатында Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Финляндияға қарсы ойынға дайындық туралы айтты.

– Жақсы көңіл-күйдеміз. Мен барлық жігіттерді сағындым, Қазақстанды сағындым, ертеңгі ойынға дайындалу үстіндеміз. Бізді ертең тамаша кеш күтіп тұр, біз оны асыға күтеміз.

Финляндия үш күннен бері жасанды төсеніште жаттығып жатыр, сондықтан біз тең дәрежеде боламыз деп ойлаймын, өйткені олар алаңға үйреніп қалған.

Ең бастысы, біздің жеңіске жетуіміз, кім гол соғатыны еш маңызды емес.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары