Саят Қарабаев Босния және Герцеговина – Лихтенштейн матчына төрелік етеді

Саят Қарабаев Босния және Герцеговина – Лихтенштейн матчына төрелік етеді

08 қыркүйек 2023, 16:31
Қазақстандық төрешілер Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі Босния және Герцеговина мен Лихтенштейн құрамалары арасындағы ойынға төрелік етеді.

Саят Қарабаев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Босния-Герцеговина мен Лихтенштейн арасындағы ойынға бас төреші болып тағайындалды. Оған Алексей Долгих пен Дмитрий Белоградов көмектессе, Артем Кучин қосалқы төреші қызметін атқарады.

Матч қыркүйектің 8-інен 9-ына қараған түні Сеница қаласындағы “Билино Поле” стадионында өтеді.

Бөлісу
Жоғары