Болат Сариев Албания U-21 – Румыния U-21 ойынына төрелік етеді

Болат Сариев Албания U-21 – Румыния U-21 ойынына төрелік етеді

12 қыркүйек 2023, 14:33
Қазақстандық төрешілер жастар арасындағы Еуро-2025 іріктеу кезеңіндегі Албания мен Румыния құрамалары арасындағы ойынға төрелік етеді.

Жастар арасындағы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Албания U-21 мен Румыния U-21 кездесуіне Болат Сариев (Орал) бас төреші болып тағайындалды. Оған Сергей Калачев (Атырау) пен Юрий Тихонюк (Ақтөбе) көмектессе, Айдын Тасыбаев (Астана) қосалқы төреші қызметін атқарады.

Матч бүгін, 12 қыркүйекте «Елбасан» стадионында өтеді.

Бөлісу
Жоғары