Қазақстан U-19 құрамасы «Slovenia Nations Cup-2023» жарысында екінші орын алды

Қазақстан U-19 құрамасы «Slovenia Nations Cup-2023» жарысында екінші орын алды

13 қыркүйек 2023, 17:57
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Словенияда өткен «Slovenia Nations Cup-2023» халықаралық жолдастық турниріне қатысты.

Жарыста Қазақстан құрамасы үш ойында алты ұпай жинады. Турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Португалия, Мексика, Исландия, Словения, Сауд Арабиясы және БАӘ жасөспірімдер құрамалары қатысты. 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Португалия, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерінен келген құрдастарымен ойнады.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қатысуымен өткен ойындардың қорытындысы:

Португалия U-19 – Қазақстан U-19 – 3:2

Голдар: Олжас Байбек, Ілияс Әбіл

09.06.2023 ж. Блед, Словения

 

Сауд Арабиясы U-19 – Қазақстан U-19 – 2:3

Голдар: Артем Литош, Ильяс Әбіл (2)

09.09.2022. Катец, Словения

 

Қазақстан U-19 – БАӘ U-19 – 3:0

Голдар: Олжас Байбек, Глеб Валгушев, Тамерлан Ағыманов

12.09.2022. Леске, Словения

 

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас серіктесі

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры – футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас серіктесі

Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

Бөлісу
Жоғары