Түркітілдес елдердегі футболды дамыту мәселелері талқыланды

Түркітілдес елдердегі футболды дамыту мәселелері талқыланды

05 қазан 2023, 10:40
Ташкентте ФИФА-ның қолдауымен түркітілдес елдер – Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Түркия, Мажарстан және Әзербайжан футбол қауымдастықтарының ресми өкілдері арасында кездесу өтті. Басқосуға УЕФА мен АФК өкілдері де қатысты.

Ашық және сындарлы жиында түркітілдес елдерде футболды дамыту және кеңінен насихаттау, ұлттық құрамалар мен клубтар арасында халықаралық жарыстарды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ футбол мамандарын, жаттықтырушыларды, төрешілерді даярлау және өзара тәжірибе алмасу, елдердің футбол қауымдастықтары арасында жан-жақты ынтымақтастық орнату мәселелері де сөз болды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары