Павлодарда әуесқойлар арасында Қазақстан чемпионаты басталды

Павлодарда әуесқойлар арасында Қазақстан чемпионаты басталды

08 қазан 2023, 21:00
9-15 қазан аралығында Павлодарда 2023 жылғы маусымның әуесқой командалары арасында футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Аймақтық кезеңнен жеңімпаз атанған 10 команда финалдық турнирге қатысады. Жарысты Павлодар қаласының орталық стадионы қабылдайды.

Турнир форматы: жеребе қорытындысы бойынша 10 команда 5 командадан 2 топқа бөлінеді. Топта 1-2 орын алған командалар жартылай финалға шығады. 1-ші топта 1-ші орын алған ұжым 2-ші топта 2-ші орын алған командамен, ал 1-ші топта 2-ші орын алған ұжым 2-ші топтың 1-ші командасымен ойнайды. Жартылай финалдың жеңімпаздары финалда кездеседі. Жеңілгендер 3-ші орын үшін таласады.

А тобы:
1) Водник (Алматы облысы)
2) Қызылорда BKS (Қызылорда облысы)
3) ZHASTAR (Ақтөбе облысы)
4) Достар (Астана қаласы)
5) Сандықтау (Ақмола облысы)

В тобы:
1) Fusion (Батыс Қазақстан область)
2) Акбет (Павлодар облысы)
3) KIFS (Алматы қаласы)
4) BARQY (Семей қаласы)
5) КСК (Қостанай облысы)

Турнир күнтізбесі:

9 қазан

ZHASTAR - Достар

Қызылорда BKS - Сандықтау

KIFS - BARQY

Акбет - КСК

10 қазан

Fusion - Акбет

КСК - KIFS

Сандықтау - ZHASTAR

Водник - Қызылорда BKS

11 қазан

ZHASTAR - Водник

Достар - Сандықтау

KIFS - Fusion

BARQY - КСК

12 қазан

Акбет - KIFS

Fusion - BARQY

Қызылорда BKS - ZHASTAR

Водник - Достар

13 қазан

Достар - Қызылорда BKS

Сандықтау - Водник

КСК - Fusion

BARQY - Акбет

14 қазан

9-10 орын үшін матч, 7-8 орын үшін матч, 5-6 орын үшін матч, жартылай финал.

15 қазан

Үшінші орын үшін матч, финал.

Жарыс KFF YouTube арнасында көрсетіледі.

Әуесқойлар арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы 2024-25 маусымында өтетін UEFA Regions Cup турниріне қатысу құқығына ие болады.

Бөлісу
Жоғары