Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу додасында Даниядан жеңілді

Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу додасында Даниядан жеңілді

15 қазан 2023, 08:05
Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңінің жетінші ойынын сырт алаңда Дания құрамасымен өткізді. Матч 3:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

Алғашқы таймда Дания құрамасы аса қатты басымдық ие болмады, алайда үзіліске дейін екі гол соқты. Ең алдымен Джонас Винд есеп ашса, әрі қарай Роберт Сков есепті еселей түсті. 

Екінші таймның басында тағы да Роберт Сков көзге түсіп, есепті ұлғайта түсті. Көп ұзамай Қазақстан құрамасы есеп айырмасын қысқартты. Гол авторы – Ян Вороговский. Әрі қарай біздің жігіттердің гол соғатын мүмкіндіктері болғанымен ойын есебі өзгермеді – 3:1.

Н тобындағы жетінші турдың қорытындысы бойынша Қазақстанның қоржынында 12 ұпай бар. Қазақстан құрамасы келесі ойынын 17 қазан күні Хельсинкиде Финляндия құрамасымен өткізеді.

Дания – Қазақстан – 3:1 (2:0)

Голдар: Винд 36, Сков 45+1, 48 – Вороговский 58;

Ескерту: Кристенсен 23, Кьер 27 – Әліп 85;

Дания: Шмейхель, Меле, Кристенсен, Кьер, Андерсен, Сков (Кристенсен 68), Эриксен, Хейбьерг, Винд (Нёргор 82), Хойлунд (Линдстрём 90+1), Дольберг (Поульсен 69);

Қазақстан: Шацкий, Досмағамбетов (Вороговский 46), Әліп, Марочкин, Быстров, Қайыров, Бейсебеков (Қуат 62), Зайнутдинов (Дарабаев 75), Самородов (Чесноков 80), Оразов, Айымбетов (Тағыберген 46);

Төрешілер: Оливер, Бэрт, Беттс, Мэдли (барлығы – Англия).

14.10.2023. Дания, Копенгаген, «Паркен».

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары