«Акбет» — әуесқой футболдан Қазақстан чемпионы

«Акбет» — әуесқой футболдан Қазақстан чемпионы

15 қазан 2023, 18:51
2023 жылғы маусымдағы әуесқой командалар арасындағы футболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының финалдық кезеңі аяқталды.

Финалдық турнирге облыстық кезеңнен жеңімпаз атанған 10 команда қатысты. Жарыс Павлодар қаласының орталық стадионында өтті.

Турнир KFF YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді.

15.10

3 орын үшін матч

«Қызылорда BKS» (Қызылорда облысы) - «VODNIK» (Алматы облысы) 0:3

Голдар: Ойынға дисквалификацияланған ойыншысы қатысқаны үшін жеңіліс шешімі қабылданды.

Финал

«КСК» (Қостанай облысы) - «Акбет» (Павлодар облысы) 3:4

Голдар: Нұғыман 13, Әмірғазы 41, Сейілов 45 – Дәулеханов 35, 45+4, Балаев 60, Шабалин 89

Нәтижелер

1 орын – «Акбет» (Павлодар облысы)
2 орын – «КСК» (Қостанай облысы)
3 орын – «VODNIK» (Алматы облысы)

Номинациялар келесідей бөлінді:

Үздік қақпашы – «КСК» Сайлауов Ернар
Үздік қорғаушы – «Акбет» Жаңатұрмысов Сансызбай
Үздік жартылай қорғаушы – «Акбет» Шыңғыс Бегедаев
Үздік шабуылшы – «Қызылорда BKS» Камалиев Досхан
Үздік сұрмерген – «VODNIK» Есімханов Әлішер (8 гол)
Турнирдің үздік ойыншысы – «КСК» Әмірғазы Темірлан

Әуесқойлар арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы 2024-25 маусымында өтетін УЕФА аймақтар кубогына қатысу құқығын алады.

Тіркелген файлдар

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары