Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Финляндияны сырт алаңда жеңді

Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Финляндияны сырт алаңда жеңді

18 қазан 2023, 02:33
Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде сегізінші ойынын өткізді. Ойын Хельсинкидегі «Олимпьяштадион» стадионында өтті.

Бірінші таймда Роберт Тейлор соққан голдың арқасында Финляндия алға шықты.

Үзілістен кейін қазақстандықтар алдымен пенальтиді дәл орындаған Бактиер Зайнутдиновтың күшімен есепті теңестірді, ал кездесудің 89-минутында Рамазан Оразовтың бұрыштама добынан кейін «Бешикташ» ойыншысы жеңіс голын соқты. Қорытынды есеп қазақстандықтардың пайдасына 2:1.

Айта кетейік, Бактиер Зайнутдиновтың екі добы оған Руслан Балтиевті (13 гол) басып озып, 14 голмен Қазақстан құрамасының тарихындағы үздік сұрмерген атағына жеткізді.

8 турдан кейін Қазақстан құрамасында H тобындағы турнирлік кестесінде 15 ұпай бар.

Команда келесі кездесуін 17 қарашада Астанада Сан-Марино командасына қарсы өткізеді. Ал Еуроға соңғы іріктеу ойыны 21 қарашаға жоспарланған, онда Қазақстан құрамасы қонақта Словения құрамасымен кездеседі.

Финляндия – Қазақстан – 1:2 (1:0)

Голдар: Тейлор 28 – Зайнутдинов 77, 89;

Ескертулер: Иванов 72 – Марочкин 27, Самородов 79, Қуат 81, Скворцов 90+4, Бейсебеков 90+5 (алаңнан тыс), Оразов 90+5;

Финляндия: Градецки, Йенсен (Уронен 88), Иванов, Хосконен, Камара, Тейлор (Каллман 77), Пукки (Форсс 77), Хоканс, Кайринен, Алхо (Сойри 88), Похьянпало; 

Қазақстан: Шацкий, Быстров (Ерланов 87), Марочкин, Әліп, Вороговский, Қайыров (Скворцов 86), Бейсебеков (Қуат 55), Тағыберген (Тапалов 86), Зайнутдинов, Оразов, Самородов (Айымбетов 86);

Төрешілер: Пельто, Ибрисимбегович, Бейло (барлығы – Босния және Герцеговина).

17.10.2023. Финляндия, Хельсинки, «Олимпьяштадион».

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары