Қазақстан – Сан-Марино матчының аккредитациясы

Қазақстан – Сан-Марино матчының аккредитациясы

10 қараша 2023, 16:43
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 2024 жылғы Еуропа чемпионатының Қазақстан – Сан-Марино іріктеу матчында жұмыс істеу үшін аккредитацияға өтініш қабылдауды бастады.

Еске салайық, Қазақстан – Сан-Марино матчы 17 қарашада «Астана Арена» стадионында өтеді. Кездесу жергілікті уақыт бойынша 21:00-де басталады.

БАҚ өкілдерін тіркеу 2023 жылдың 14 қарашасы, сағат 12:00-ге дейін (елорда уақытымен) жүргізіледі. Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтініштер қаралмайды.

Матчтарға арналған аккредитация әр адамға жекелей беріледі. Сондықтан барлық БАҚ өкілдері 3x4 түсті портреттік фотосуреттерін қосуы керек. Аккредитацияға арналған өтінімдер kff.kz сайтының тиісті бөлімінде толтырылады.

Аккредитацияға қалай өтініш беруге болады?

  1. Іс-шараны таңдау (қай матч/іс-шара үшін аккредитацияға өтініш бересіз)
  2. Толық аты-жөніңізді толтырыңыз
  3. Электрондық поштаңызды көрсетіңіз
  4. Телефоныңызды көрсетіңіз
  5. БАҚ атауын көрсетіңіз
  6. Аккредитация түрін таңдаңыз (жазушы журналист немесе фотограф)
  7. Соңғы жарияланымдарыңыз туралы ақпараттың сілтемесін қалдырыңыз
  8. Құжаттар тізімін жүктеп салу қажет: жеке куәлік, 3х4 фотосурет, бас редактор немесе басшының қолы қойылған редакциялық хат.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген аккредитация туралы өтініштер қабылданбайды. Аккредитациялық бейджиктер матч алдындағы іс-шарада – 16 қарашада беріледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Баспасөзге арналған орындар мен аккредитациялық бейджиктер саны шектеулі. Жіберілген өтінімдер қосымша қаралады.

Әрбір БАҚ үшін аккредитиация саны екеуден аспайды (тілші және фотограф/бейнеоператор).

 

Медиа жоспар (елорда уақыты көрсетілген):

16 қараша («Астана Арена» стадионы, Астана)

17:00 – Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері мен ойыншысының баспасөз мәслихаты;

17:30 – Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығуы. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін 15 минут ашық;

18:15 – Сан-Марино ұлттық құрамасының бас бапкері мен ойыншысының баспасөз мәслихаты;

19:00 – Сан-Марино ұлттық құрамасының жаттығуы. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін 15 минут ашық;

 

17 қараша («Астана Арена» стадионы, Астана)

21:00 – Қазақстан – Сан-Марино матчы.

Бөлісу
Жоғары