Қазақстан жастар құрамасы Мальтаға ұшып келді

Қазақстан жастар құрамасы Мальтаға ұшып келді

15 қараша 2023, 09:31
Қазақстанның жастар құрамасы Ыстамбұл арқылы транзитпен Мальтаға келді.

Аталмыш мемлекет аумағында Қайрат Нұрдәулетовтің командасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің матчын өткізеді. Мальта жастар командасына қарсы ойын біздің жігіттер үшін осы жылдың қорытындысы болмақ.

Қазақстандық футболшылар келгеннен кейін қалпына келтіру жаттығуын өткізді.

Мальта U-21 - Қазақстан U-21 матчы 16 қараша күні елорда уақыты бойынша сағат 23:00-де өтеді. Кездесу «QazSport» ұлттық телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Бөлісу
Жоғары