Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияға қарсы матчтарға дайындығын бастады

Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияға қарсы матчтарға дайындығын бастады

25 мамыр 2024, 11:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Еуро-2025 іріктеу кезеңі аясында өтетін Арменияға қарсы екі матчқа дайындығын бастады.

Мадияр Кембілов командасының оқу-жаттығу жиыны Алматы қаласында өтеді. 28 мамырда Қазақстан құрамасы Арменияға жолға шығады. 

Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын толық құраммен бастаған жоқ. Юлия Мясникова, Мария Демидова, Аида Гайстенова мен Анастасия Низамутдинова команда қатарына алдағы күндері қосылады.

Біздің құрама алғашқы ойынын 31 мамырда Арменияға қарсы өткізеді. Алғашқы матч 31 мамырда «Армавир» стадионында өтеді. Ал екінші ойын 4 маусым күні Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді деп жоспарланған.

Қазақстан әйелдер құрамасының кеңейтілген құрамамымен мына СІЛТЕМЕ бойынша таныса аласыздар.

Футболдан Қазақстан W құрамасының ойындар күнтізбесі:

31.05.2024

Армения W – Қазақстан W 

Армавир стадионы, Армения

4.06.2024

Қазақстан W ​​​​​ – Армения W

Орталық стадион, Алматы

«OLIMPBET» букмекерлік кеңсесі – футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас серіктесі

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры – Қазақстан әйелдер футбол командасының бас серіктесі

«Sport Qory» спортты қолдау қоры Қазақстан құрама командаларының серіктесі 

Бөлісу
Жоғары