Қазақстан WU-17 және WU-19 қыздар құрамаларының ЕЧ-2024/25 іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Қазақстан WU-17 және WU-19 қыздар құрамаларының ЕЧ-2024/25 іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

08 маусым 2024, 11:12
Ньонда (Швейцария) 17 және 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Еуропа чемпионатының бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан WU-17 құрамасы Швеция және Эстония құрамаларымен бірге «В» Лигасының 6 тобына түсті. Ойындардың өтетін уақыты мен жері кейінірек белгілі болады.

Қазақстан WU-19 құрамасы «В» Лигасының 2 тобына түсті. Біздің топта Румыния, Латвия мен Лихтенштейн бар. Матчтар 8-16 шілде, 21-29 қазан не 25 қараша мен 3 желтоқсан күндері аралығында өтуі мүмкін.

Алты топқа бөлінген командалар А Лигасының жолдамасы үшін бақ сынайды. Топ жеңімпаздары мен үздік көрсеткіші бар екінші орын иегері жоғары дивизионға шығады.

Бөлісу
Жоғары