БАҚ өкілдерін «UNI Football League» бірегей жобасының тұсаукесеріне шақырамыз

БАҚ өкілдерін «UNI Football League» бірегей жобасының тұсаукесеріне шақырамыз

24 маусым 2024, 11:27
26 маусымда Футбол үйінде аутизм және Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған Инклюзивті футбол лигасының құрылуына орай баспасөз мәслихаты өтеді.

Сіздерді 26 маусым сағат 10:00-да Астанада бірегей жоба «UNI Football League» - аутизм және Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған Инклюзивті футбол лигасының тұсаукесеріне орай баспасөз-конференциясына шақырамыз.

Жоба туралы

«UNI Football League» – аутизм және Даун синдромын қоса, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арнап әзірленген футбол жобасы. Жобаның мақсаты – дамуында ерекшеліктері бар балалар мен жасөспірімдер үшін футбол арқылы сапалы спорттық бағдарламаға қол жеткізуге және әлеуметтенуге мүмкіндік жасау.  

Бұл – 13-18 жас аралығындағы ерекше қажеттіліктері бар балалардың қажеттіліктеріне бейімделген мамандандырылған футбол секциялары. Арнайы әзірленген жарыс регламенті қатысушылардың ерекшеліктерін ескереді және ойын үшін барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді.

«UNI Football League» жобасы Астанада 2023 жылдың қараша айында «Болашақ» қорының жыл сайынғы Қысқы қайырымдылық балынан түскен қаражатқа басталды. Астанада аутизм және Даун синдромы бар 12 бала секцияда жаттығып жатыр.

Жалпы жобаның географиясы мамандандырылған футбол секциялары жұмыс істейтін Қазақстанның 9 қаласын (Шымкент, Атырау, Қарағанды, Астана, Көкшетау, Петропавл, Тараз, Ақтау және Өскемен) қамтиды. ЕБбҚ бар 57 бала қамтылды. Жалпы жоба шамамен 165 бала мен жасөспірімді қамтиды деп күтілуде. А.ж. қыркүйек айында Астана қаласында «UNI Football» чемпионатын өткізу жоспарланып отыр.

Маңызды ақпарат

Баспасөз-конференциясына «Болашақ» корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің Төрайымы Динара Гаплан, Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділет Барменқұлов, Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегро мырза, «Freedom Шапағат» корпоративтік қорының Президенті Бағлана Мусина, «UNI FOOTBALL LEAGUE» футболдан инклюзивті лиганың басшысы Шыңғыс Темірханов, журналистер, ЕБбҚ бар балалардың ата-аналары қатысады. 

Байланыс үшін: +7 707 737 31 07 (Айбар), press@kff.kz

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары