Шымкентте Zhuldyz Summer Cup турнирі өз бастауын алды

Шымкентте Zhuldyz Summer Cup турнирі өз бастауын алды

24 маусым 2024, 19:00
Шымкент қаласында 19 жасқа дейінгі қыздар командалары арасында Zhuldyz Summer Cup халықаралық жарысы басталды.

Айта кетейік, турнир Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен және UEFA Assist бағдарламасы аясында өтіп жатыр. Матчтар Шымкенттегі «Намыс» стадионында өтіп жатыр. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және «БИІК-Шымкент» футбол клубының 19 жасқа дейінгі командалары қатысуда.

Жарыс шымылдығын ашқан алғашқы ойында Қазақстан WU-19 құрамасы «БИІК-Шымкент» командасын 2:1 есебімен жеңді. 

Қазақстан WU-19 – «БИІК-Шымкент» – 2:1 (0:0)

Голдар: Қонаева 59, Катран 70, Асқарова 90+3

 

Екінші матчта Қырғызстан қақпасына төрт гол соққан Өзбекстан құрамасы жеңіске жетті.

Қырғызстан WU-19 – Өзбекстан WU-19 – 1:4 (0:1)

 

Голдар: Жумабоева 35, Шодиева 47, Маматкулова 57, Сайфутдинова 75, Мырзалиева 90+4

 

Zhuldyz Summer Cup халықаралық жарысы 28 маусымға дейін жалғасады. Турнирдің ойын кестесі:

26 маусым

«БИІК-Шымкент» WU-19 – Өзбекстан WU-19 – 10:30

Қазақстан WU-19 – Қырғызстан WU-19 – 17:30

28 маусым

«БИІК-Шымкент» WU-19 – Қырғызстан WU-19 – 10:30

Өзбекстан WU-19.– Қазақстан WU-19 – 17:30.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары