Болат Адамбеков – ҚФФ құрама командалар Департаментінің директоры

Болат Адамбеков – ҚФФ құрама командалар Департаментінің директоры

03 шілде 2024, 17:00
ҚФФ құрама командалар Департаментінің жаңа директоры болып 41 жастағы маман Болат Адамбеков тағайындалды.

Болат Қайратұлының футбол құрылымындағы жұмыс тәжірибесі өте мол. 2005-2010 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамаларының менеджері қызметін атқарды.

2012-2014 жылдары «Қайрат» ФК Академиясында менеджерін қызметін істеді. 2015-2017 жылдар аралығында «Қайрат» ФК халықаралық байланыс және трансфер бөлімінің басшысы болды. Ал 2017-2018 жылдары негізгі команданың басшысы қызметін атқарды. 

2019-2020 жылдары ҚФФ-ға оралып, Қазақстан жасөспірімдер құрамаларының менеджері болды.

2022 жылдың сәуірінен бастап Болат Қайратұлы құрама командалар Департаментінің бас менеджері және футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының менеджері қызметіне тағайындалды.

UEFA HATTRICK KNOWLEDGE, FIFA GRASROOTS COACHES COURSE, UEFA COACHING CONVENTION CATEGORY «А» санатындағы жаттықтырушылық білімі бар. Сондай-ақ Лейпциг қаласындағы (Германия) «Sports Management» университетін аяқтаған. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін құрама командалар Департаментінің директоры қызметін атқарған Ғани Қайназаров Qazaqstan Football League (QFL) басшылық қызметіне ауысты.

Қазақстан футбол федерациясы Ғани Әділханұлына атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы жұмысына тек сәттілік тілейді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары