Астанада балалар мен жасөспірімдер мектептерінің арасында ел біріншілігі өтті

Астанада балалар мен жасөспірімдер мектептерінің арасында ел біріншілігі өтті

09 шілде, 16:31
1-9 шілде аралығында Астанада футболдан спорт мектептері, колледж және спорт интернаттарының 2004 жылғы жасөспірім командалары арасында ҚР Біріншілігі өтті. Жарыс ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті және Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды.

Турнирге 12 команда қатысып, олар төрт топқа бөлінді. Үшінші орын үшін талас Астана мен Қарағанды командаларының арасында өтіп, елордалық футболшылар жеңіске жетті. Финалда Тараздан басым түскен Шымкент командасы турнир жеңімпазы атанды.  

Жүлделі орынға ие болған командаларды Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов және Қазақстан футбол федерациясы Балалар мен жасөспірімдер футбол департаментінің директоры Игорь Утробин марапаттады.

Бөлісу
Жоғары