Қостанай облысында әуесқой футболдан жарыстар ұйымдастырылды

Қостанай облысында әуесқой футболдан жарыстар ұйымдастырылды

10 шілде, 09:34
Қостанай облысында әуесқой футболдан екі жарыс өтті. Оның бірі облыс, екінішсі аудан көлемінде болды.

Қостанай облыстық футбол одағының ұйымдастыруымен әуесқой командалар арасында облыс біріншілігі өтті. Турнирге бес команда қатысты. Олар - Ұзынкөл, Қарабалық, Денисов, Қостанай аудары мен Қостанай қаласының командалары. Бірінші орынды Қостанай ауданының футболшылары иеленді. Екінші және үшінші орындарды Қостанай қаласы мен Ұзынкөл ауданының ұжымдары бөлісті. 

Қостанай облысының Федоровка ауылында аудандық чемпионат ұйымдастырылды. Бес команда қатысқан жарыста Качары ауылының футболшылары үздік шықты. Екінші және үшінші орындардан Қарабалық пен Первомайка ауылдарының командалары көрінді. 

 

 

 

Бөлісу
Жоғары