Еркебұлан Сейдахмет және Бактиер Зайнутдинов жанкүйерлермен кездесті

Еркебұлан Сейдахмет және Бактиер Зайнутдинов жанкүйерлермен кездесті

01 қыркүйек 2018, 15:33
Елордада промо-шаралар жалғасын тапты. УЕФА Ұлттар Лигасының қарсаңында кезекті акция «Asia Park» сауда ойын-сауық орталығында ұйымдастырылды.

Бүгін футбол жанкүйерлері Ұлттық құраманың ойыншылары Еркебұлан Сейдахмет және Бактиер Зайнутдиновпен кездесті. Шарада әртүрлі байқаулар ұйымдастырылып, жеңімпаздар жүлделі сыйлықтарға ие болды.

Жиналған жұрт танымал қазақстандық әнші Алмас Кішкенбаевтің орындауындағы әндерді тыңдады. Шара соңында жанкүйерлер Еркебұлан Сейдахмет және Бактиер Зайнутдиновпен суретке түсіп, қолтаңба алды.

Келесі промоакция 1 қыркүйек күні «Keruen City»  сауда орталығында сағат  20:00-де өтеді. Жанкүйерлермен жүздесуге ұлттық құраманың ойыншылары Сергей Малый мен Еркебұлан Тұңғышбаев келеді.

Бөлісу
Жоғары