Черногориямен өтетін ойынға шақырылған Қазақстан жастар құрамасының U-21 тізімі жарияланды

Черногориямен өтетін ойынға шақырылған Қазақстан жастар құрамасының U-21 тізімі жарияланды

02 қазан 2018, 15:33
Жастар арасында 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Черногориямен өтетін матч алдында Қазақстан жастар құрамасы 9-14 қазан аралығында Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов келесі іріктеу кезеңіне қатысатын 1998-1999 жылғы 22 футболшыны шақырды. 

Ойыншылардың тізімі:

Қақпашылар: Илья Сотник («Екібастұз»), Мұхамеджан Сейсен («Тараз»), Жандар Жанғалиев («Мақтарал»);

Қорғаушылар: Рауан Орынбасар («Жетісу М»), Талғат Кусяпов («Оқжетпес»), Сағадат Тұрсынбай («Тараз»), Әлібек Қасым, Мәди Айтөре, Ұлан Өтеушов (барлығы - «Қайрат А»), Елжас Сарбай («Байқоңыр»), Алтынбек Төлеев («Алтай»), Айбар Нұрдалиев («Қайрат М»);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Қайрат А»), Роман Уханов («Петрокаб», Молдова), Наурызбек Жагоров («Оқжетпес»), Евгений Мосин («Екібастұз»), Нұрболат Батырханов («Ақтөбе-Жас»), Жан-Әли Пайруз («Шахтер»);

Шабуылшылар: Жандос Сұлтан («Алтай»), Марлен Айманов («Қайрат М»), Өркен Махан («Байқоңыр»), Рамазан Кәрімов («Астана М»);

Резерв: қақпашы - Бекхан Шайзада («Ордабасы»), қорғаушылар - Санжар Батырханов («Жетісу Б»), Ернұр Құсайынов («Екібастұз») Никита Ярков («Қайрат М»), жартылай қорғаушы - Геворг Наджарян («Шахтер»), шабуылшы - Артур Шушеначев («Қайрат А»).

Жаттықтырушылар штабы: Талғат Байсуфинов – аға жаттықтырушы, Алмас Құлшынбаев – аға жаттықтырушының көмекшісі, Марат Еслямов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Юрий Ишутин – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ахмадхон Искандаров – дәрігер, Евгений Карнаухов – массажист, Тимур Құсайынов – сарапшы, Азамат Жакудин – администратор, Александр Брейткрейц – менеджер.

 

Жастар арасында 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндгі Черногория-Қазақстан матчы 16 қазан күні Черногорияның Никшич қаласында өтеді.

 

 

Бөлісу
Жоғары