«Қайрат» пен «Ақтөбе» футзалдан Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіндегі соңғы ойындарын өткізді

«Қайрат» пен «Ақтөбе» футзалдан Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіндегі соңғы ойындарын өткізді

07 қазан, 14:10
«Қайрат» үшінші ойында Беларусь елінің «Лида» командасынан басып түсіп, элиталық кезеңге жолдама алды. Алматылық футболшылар қарсыластың қақпасына жауапсыз алты гол соқты. Тайнан, Ранжел Тайан, Джон, Есенаманов бір мәртеден көзге түссе, Эдсон дубль авторы атанды.

«Лида» (Беларусь) - АФК «Қайрат» (Қазақстан) - 0:6

Голдар: Тайнан 2, Ранжел Тайан 8, Эдсон 19, 33, Джон 22, Есенаманов 35

06.10.2018. Приштина, Спорт сарайы.

Элиталық кезеңнің ойындары 13-18 қараша аралығында өтеді.  

 

«Ақтөбе» шешуші ойында хорватиялық «Ново Вриеме» командасына жол берді. Есеп - 3:4. Ақтөбе сапында Қайрат Иманалин мен Евгений Серый (дубль) гол соқты. 

Алтыншы топта бірінші орын алған «Ново Вреиме» футзалдан Чемпиондар Лигасының келесі кезеңіне өтті. 

МФК «Ақтөбе» (Қазақстан) - «Ново Вреиме» (Хорватия) - 3:4

Голдар: Иманалин 11, Серый 29, 39 - Винисиус 11, 33, Осредкар 15,  Фариас 38.

07.10.2018. Макарска. «Градски Спортски центр».

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары