Хорватия құрамасы Қазақстанмен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады

Хорватия құрамасы Қазақстанмен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады

29 қаңтар, 10:28
Футзалдан Хорватия құрамасының бас бапкері Мато Станкович Қазақстанмен өтетін жолдастық кездесулерге шақырылған ойыншылардың тізімін анықтады.

Хорват маманына негізгі құрамның үш ойыншысы көмектесе алмайды. Алдын-ала тізімнен Давор Канюх, Ведран Матошевич және Кристиян Постружин шығып қалды. Олардың орнына «Сплит» ойыншылары Филип Косор мен Анте Чорлука шақырылды. 

 

Футзалдан Хорватия құрамасының тізімі:

Қақпашылар: Жарко Лукетин («Сплит»), Зоран Примич («Скуэ»);

Алаңдағы ойыншылар: Франко Йеловчич («Наполи», Италия), Матей Хорват («Сивителла Колормакс», Италия), Лука Перич («Ортона», Италия), Филип Косор («Сплит»), Давид Матая («Футзал Динамо»), Анте Чорлука («Сплит»), Кристиан Чекол («Футзал Динамо»), Маро Дьюраш («Скуэ»), Лука Сутон («Вргорац»), Душко Мартинац («Вргорац»), Ведран Казазич («Ново Вриеме»), Степан Перишич («Олмиссиум»);

Жаттықтырушылар штабы: Мато Станкович - бас бапкер, Яков Унгаров - бас бапкердің көмекшісі, Тео Струнье - бас бапкердің көмекшісі, Крешимир Колич - дәрігер, Бранимир Анич - физиотерапевт. 

 

Қазақстан мен Хорватия құрамалары арасындағы алғашқы ойын 1 ақпан күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. Басталуы - 18:00. Билеттерді www.ticketon.kz және zakazbiletov.kz сайттарынан онлайн сатып алуға болады. Билетттің құны 500-1500 теңге аралығында.

Қазақстан мен Хорватия құрамалары арасындағы екінші ойын 2 ақпан күні 17:00-де өтеді. «Бағанашыл» спорт кешеніндегі «Зенит» залында өтетін ойынға кіру тегін!

Бөлісу
Жоғары