Қазақстан мен Хорватия ойындарына аккредитация қабылданады

Қазақстан мен Хорватия ойындарына аккредитация қабылданады

28 қаңтар 2019, 15:02
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 1 және 2 ақпан күні футзалдан Қазақстан мен Хорватия құрамалары арасындағы жолдастық ойындарға аккредитация алу үшін өтініштер қабылдайды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тіркеу 2019 жылдың 31 қаңтары сағат 16:00-ге дейін жалғасады.

Қазақстан мен Хорватия құрамалары арасындағы алғашқы ойын 1 ақпан күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. Басталуы - 18:00.

Қазақстан мен Хорватия құрамалары арасындағы екінші ойын 2 ақпан күні «Бағанашыл» спорт кешеніндегі «Зенит» залында өтеді. Басталуы - 17:00.

Аккредитация алу үшін журналистің аты-жөні, жеке куәлігі мен байланыс нөмірі жазылған, бұқаралық ақпарат құралы жетекшісінің қолы мен мөрі қойылған ұсынымды (ресми бланк) баспасөз қызметінің электронды поштасына press@kff.kz жіберу керек. Сонымен қатар, матча жұмыс істейтін БАҚ өкілдерінің қызметі (журналист, фотограф, тв, радио) көрсетілуі тиіс.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген өтініштер қабылданбайды.

Аккредитациялық куәліктерді матч алдындағы баспасөз мәслихатында алуға болады.

Аккредитациялық бейджиктерді алу үшін Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Анықтама телефондары: +7 (7172) 790-785 (0261), +7 (702) 446-46-89, +7 (707) 515-20-20.

Бөлісу
Жоғары