Алматы қаласында футзалдан семинар басталды

Алматы қаласында футзалдан семинар басталды

29 қаңтар, 20:23
Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен еліміздің оңтүстік астанасында футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының және «Қайрат» мини-клубының бас бапкері Паулу Рикардо Фигейро Силваның (Кака) қатысуымен жаттықтырушыларға арналған семинар өтті.

Бүгін, 29 қаңтар күні «Бағанашыл» спорт кешенінде семинардың алғашқы күні өтті. Семинарға Қазақстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Ресей және Қырғыз Республикасынан 80-ге жуық тыңдаушы білім алуға келді. Айта кетейік, футзалдан мұндай тренинг елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

КСРО спорт шебері, еңбек сіңірген жаттықтырушы Павел Новиков, Қазақстан футбол федерациясының Футзал департаменті Асқар Әбілдаев және футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Паулу Рикардо Фигейро Силва семинарға қатысушылар алдында сөз сөйледі.

Тренинг оқытушылары:  Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикардо Фигейро Силва, Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкерінің көмекшісі Сергей Коридзе, «Қайрат» шағын клубының дене даярлығы бойынша жаттықтырушысы Луиз Энрике Де Соуза Карриольо Круз және алматылық клубтың физиотерапевті Тьяго Дуарте Вийера.

Семинардың екінші күні «Футзалдағы қақпашылар дайындығының ерекшелігі», «Спорт физиотерапиясы» және «Шабуыл. Шабуылдағы ойынның қағидалары» тақырыбында өтеді.  

Бөлісу
Жоғары