Қайрат Иманалин: «Кака - жеңіске жетудің жолын білетін бапкер»

Қайрат Иманалин: «Кака - жеңіске жетудің жолын білетін бапкер»

29 қаңтар, 15:01
Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншысы Қайрат Иманалин Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында үлкен футболдан футзалға қалай көшкенін айтып, ұлттық құрамадағы бас бапкердің туралы көзқарасын білдірді.

- Қазақстан Кубогының жартылай финалында «Ақтөбе» командасы «Қайратты» ұтып, сенсация жасады. Ал, финалда «Аяттан» басым түсіп, бас жүлдені иеленді. Үлкен жетістіктің сыры неде?

- Біздің табыстың кепілі – ойыншылардың ержүрек қасиеті мен мінезі. Жігіттер бір-бірі үшін соңына дейін ойнады. «Қайратты» жеңгеннен кейін, Қазақстан Кубогын жеңіп алу мүмкіндігін уыстан шығармадық. Сол себепті финалда «Аятты» ұту үшін бар күш-жігерімізді сарқыдық.

- Қазақстан чемпионатының биылғы маусымы туралы не ойлайсыз? «Ақтөбе» командасы «Жетісу», «Аят» және «Қайраттың» бәсекелестігіне төтеп бере ала ма?

- «Қайратқа» қарсылық көрсету қиын екені сөзсіз. Алайда, Қазақстан Кубогы кез келген қарсыласты жеңуге болатынын көрсетті. Нағыз тартыс алда деп ойлаймын. Барлығы жүлдеге ілінуді көздейді. Оның үстіне екінші орын УЕФА Чемпиондар Лигасына қатысуға мүмкіндік береді.

- Футбол жолын «Ақтөбе» және «Ақтөбе-Жас» командаларында бастағаныңыз белгілі. Үлкен футболдан футзалға ауысу қаншалықты ауыр болды?

- Қиындық болмады. Жылдам бой үйреттім. «Ақтөбе-Жас» қатарында жүргенде «Ақтөберентген» шағын футбол клубы шақырған еді. Алайда, сол уақытта тағдырымды үлкен футболмен байланыстырған едім. Бірақ, мүмкіндігімді футзалдан көрсете алдым.

- Қазақстан Ұлттық құрамасының жаңа бапкерімен бір жиын өткіздіңіз. Как қандай әсер қалдырды?

- Оқу-жаттығу жиының мерзімі қысқа болды. Алайда, бас бапкер Кака талап қоя білетін маман екенін көрсетті. Тәжірибелі бапкер табысқа жетудің жолын жақсы біледі.

- Ақпан айының басында Қазақстан мен Хорватия құрамалары Алматыда екі жолдастық матч өткізеді. Бұл ойындар туралы не ойлайсыз?

- Өкінішке қарай, қарсылас туралы ештеңе айта алмаймын. Алдағы ойындар жақсы дайындық болады деп үміттенемін. Жанкүйерлер алдында жеңіске жетуге ұмтыламыз.

Бөлісу
Жоғары