Қазақстан мен Хорватия арасындағы ойындарды «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Қазақстан мен Хорватия арасындағы ойындарды «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

29 қаңтар, 12:10
Алматыда өтетін футзалдан Қазақстан мен Хорватия құрамалары арасындағы жолдастық кездесулерді «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде жанкүйерлер назарына ұсынады.

Қазақстан мен Хорватия арасындағы алғашқы ойын 1 ақпан күні Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. Басталуы – 18:00.

Қос құрама арасындағы екінші матч 2 ақпан күні сағат 17:00-де басталады. Ойын «Зенит» спорт кешенінде («Бағанашыл») өтеді.

Алғашқы ойынның үзілісінде футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасының финалдық кезеңінің жеребесі тартылады. Шешуші кезеңде алматылық «Қайрат», «Барселона» (Испания), «Спортинг» (Португалия) және қазіргі чемпион «Интер» (Испания) сынға түседі.

Бөлісу
Жоғары