УЕФА Чемпиондар Лигасының төрттік финалының жеребе тарту рәсіміне Сейілда Байшақов қатысты

УЕФА Чемпиондар Лигасының төрттік финалының жеребе тарту рәсіміне Сейілда Байшақов қатысты

01 ақпан, 19:16
Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасының төрттік финалының жеребе тарту рәсіміне қатысты.

Жеребе тарту рәсімі Қазақстан мен Хорватия құрамаларының жолдастық құрамалары арасында ойынның үзілісінде өтті. Оның қорытындысы бойынша жартылай финалдың алғашқы жұбында алматылық «Қайрат» пен испанияның «Барселона» командасы кездесетін болды. Екінші жұп - «Спортинг» (Португалия) - «Интер» (Испания).

УЕФА Чемпиондар Лигасының төрттік финалы 2019 жылдың сәуір айында Алматыда өтеді.

Бөлісу
Жоғары