Кака: «Хорватиямен ойында жеңіске жетіп, жақсы ойын көрсетуге ұмтыламыз»

Кака: «Хорватиямен ойында жеңіске жетіп, жақсы ойын көрсетуге ұмтыламыз»

31 қаңтар, 21:26
Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері  Пауло Рикардо Фигейро Силва (Кака) Хорватиямен өтетін ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Ұлттық құрамамен жұмыс істейтін бапкердің дайындығына уақыт әрдайым аз болады. Басым бағыттарды ғана таңдап алдық. Ойында қателіктерді азайтып, әлсіз жерлерімізді жасыру қажет.  Дәурен Нұрғожин жарақат алып қалды. Ұлттық құраманың тәжірибелі ойыншысы көмектесе алмайды. Жақсы жаңалық та бар. Дуглас қайта оралды. Алайда, ол толық бабына енген жоқ. Дуглас – көшбасшы ойыншы. 

- Ертең Дуглас ойнайды ма?

- Иә, ойнайды. Ол таңертең жаттықан жоқ. Өйткені, тактика және комбинация бойынша жұмыс істедік. Шыңғыс Есенаманов пен Дугласты күту қажет. Сол себепті олар кешкі жаттығуға ғана қатысты.

- Хорватия құрамасы тәжірибелі қарсыластардың бірі. Екі ойында да жеңіске жету міндетін алға қоясыз ба?  

- Жұмысты жаңа бастаған әр бапкер үшін жеңіске жету маңызды. Алайда, тек жеңіске жетуді мақсат етпейміз. Өйткені, одан да жоғары мақсаттар бар. Әлем Чемпионатының іріктеу ойындарына дайындалу. Ұлттық құрамаға шақырылған жаңа ойыншылар бар. Олар өз мүмкіндіктерін пайдаланады деген үміттемін. Тәжірибелі ойыншылар да бар. Хорватиямен өтетін кездесуде қандай ойын көрсететініміз маңызды. Матч бойы нашар ойнап, кездейсоқ гол соғып кетуге де болады. Иә, осылай  да жеңіске жете аласың. Бізге ойын жүйесінің қалыптасуы маңызды . Ертеңгі ойында жеңіске жетіп, жақсы ойын көрсетуге ұмтыламыз. 

- Ұлттық құрамаға жаңа ойыншыларды шақырдыңыз. Олар - Байралиев, Қарағұлов, Валиуллин және Пиялы​. Ертең алаңға шыға ма?

- Ұлттық құрамаға келген сәтте, олардың мүмкіндіктері тең болды. Уақыт өте келе біреуінің мүмкіндігі азайып, екіншісінде арта түседі. Кез келген ойыншы табандылығының арқасында ойын уақытын көтере алады. Тізімге енген ойыншыларға мүмкіндік беремін. Кім лайықты? Сол көп ойнайды. Жиында көзге түспеген футболшы, ойында жақсы қырынан танылуы мүмкін. Бұл – үлкен табыс. Алаңға шықпаған ойыншының да еңсесі түспегені абзал. Өйткені, оқу-жаттығу жиынында көп ақпарат пен мол тәжірибе жинайды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары