Қазақстан – Хорватия: ойындар тарихы

Қазақстан – Хорватия: ойындар тарихы

30 қаңтар, 16:37
Ақпан айының басында футзалдан Қазақстан мен Хорватия құрамалары Алматыда екі жолдастық матч өткізеді.

Тарихқа көз жүгіртсек... Қазақстан мен Хорватия арасындағы алғашқы ойын 2007 жылы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің аясында өткен еді. Хорватияның Сплит қаласында өткен ойында алаң иелері 5:1 есебімен жеңіске жетті.

Хорватия – Қазақстан - 5:1 (1:1)

Голдар: Барусевич 17, Банич 23, 38, Симурина 27, 35 - Бутрин 12.

23.02.2007. Сплит, Хорватия. СЦ «Грипе».

Келесі жолы Қазақстан мен Хорватия араға он жылдай салып, 2016 жылғы Еуропа Чемпионатында жолықты. Топтық кезеңінің екінші ойынында бас бапкре Какау бастаған біздің елдің жігіттері Хорватиядан есе қайтарды – 4:2. Ойын Сербия астанасы Белградта өткен болатын.

Қазақстан – Хорватия - 4:2 (3:1)

Голдар: Дуглас 6, Сүлейменов 8, Жаманқұлов 17, 27 - Матошевич 7, Сотон 32.

06.02.2016. Белград, Сербия. СК «Белград Арена».

Қазақстан мен Хорватия құрамалары арасындағы үшінші және төртінші кездесу 1 және 2 ақпан күндері Алматы қаласында өтеді. Әлемдік рейтинге Қазақстан құрамасы жетінші орында тұрса, Хорватия он үшінші орынға жайғасқан.

Қазақстан мен Хорватия құрамалары арасындағы алғашқы ойын 1 ақпан күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. Басталуы - 18:00. Билеттерді www.ticketon.kz және zakazbiletov.kz сайттарынан онлайн сатып алуға болады. Билетттің құны 500-1500 теңге аралығында.

Қазақстан мен Хорватия құрамалары арасындағы екінші ойын 2 ақпан күні 17:00-де өтеді. «Бағанашыл» спорт кешеніндегі «Зенит» залында өтетін ойынға кіру тегін! 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары