Сейілда Байшақовтың жүлдесіне арналған турнир аяқталды

Сейілда Байшақовтың жүлдесіне арналған турнир аяқталды

19 тамыз 2019, 19:17
12-18 тамыз аралығында Қаратау қаласында қазақстандық футболдың ардагері, Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Икрамұлы Байшақовтың жүлдесіне арналған турнир өтті.

Жарысқа екі жас ерекшелігі бойынша командалар қатысты - 2007/2008 және 2009/2010. Алғашқыларының арасында шымкенттік СДЮШОР №17.командасы жеңімпазы атанды. Екінші орынды ақтаулық «Ақ-Жайық» иеленді. Үшінші орын алматылық «Жас Қыран» футболшыларына бұйырды.

Екінші жас ерекшелігі бойынша тағы да шымкенттік СДЮШОР №17.командасының тәрбиеленушілері топ жарды. Екінші және үшінші орындарды ақтаулық «Ақ-Жайық» пен қаратаулық футболшылар бөлісті.

Бөлісу
Жоғары