«БИІК-Қазығұрт» командасы Чемпиондар лигасының 1/16 финалына шықты

«БИІК-Қазығұрт» командасы Чемпиондар лигасының 1/16 финалына шықты

13 тамыз 2019, 23:15
Шымкенттік «БИІК-Қазығұрт» топтық кезеңнің үшінші ойынында Финляндияның ПК-35 командасын ұтты.

Кездесу 4:1 есебімен аяқталды. Қазақстандық команданың қатарынан Мисози Зулу, Екатерина Бабшук, Рейчел Кундананджи және Мария Илич көзге түсті. Қарсыластың тарапынан Вера Саастомойнен бір гол соқты.

 

ПК-35 (Финляндия) - «БИІК-Қазығұрт» (Қазақстан) - 1:4 (0:2)

Голдар:  Вера Саастомойнен 90+2 - Мисози Зулу 23, Екатерина Бабшук 38, Рейчел Кундананджи 60, Мария Илич 62

13.08.2019. Кадриорг, Таллин

 

Іріктеу кезеңінің үш ойынында жеңіске жеткен «БИІК-Қазығұрт» топтан бірінші орынмен шығып, турнирдің 1/16 финалына жолдама алды. Келесі айналымның жеребе тарту рәсімі Швейцарияның Ньон қаласында 16 тамыз күні өтеді. 

Бөлісу
Жоғары