Құрбан айт қабыл болсын!

Құрбан айт қабыл болсын!

11 тамыз 2019, 12:25
Қазақстан футбол федерациясы барша қазақстандықтарды Құрбан Айт мейрамымен құттықтайды!

Құрбан Айт – елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын мейрам. Бүгінгі мереке мұсылман қауымын ғана емес, сонымен бірге адамзаттың дүйім жұртын татулық пен бірлікке, сыйластық пен ауызбірлікке, кешірімге шақырады.

Қазақстан футбол федерациясы барша қазақстандықтарды Құрбан Айт мейрамымен құттықтап, әр отбасыға амандық, зор денсаулық және мол бақыт тілейді!

Бөлісу
Жоғары