ҚФФ жетекшісі Ұлттық құраманың бапкерлерімен кездесті

ҚФФ жетекшісі Ұлттық құраманың бапкерлерімен кездесті

07 тамыз, 16:54
Қазақстан футбол федерациясының жетекшісі Әділбек Жақсыбеков құрама командалар департаментінің директоры және ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабының өкілдерімен кездесу өткізді.

2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінің алдағы екі ойынын Қазақстан құрамасы сырт алаңда Кипр және Ресейге қарсы ойнайды. Осы ойындарға дайындық туралы ҚФФ құрама командалар департаментінің директоры Иван Азовский баяндады.

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек алдағы ойындарға команданың дайындығы туралы айтып берді. Ол ұлттық құрама ойыншыларының ойын тәжірибесінің аздығына қатысты мәселеге тоқталды. Алайда, кей футболшылардың соңғы айларда өз клубтарында жетекші рөл атқарып жүргенін де атап өтті.

Бас бапкер Бельгия және Сан-Марино құрамаларымен өткен ойыннан кейін Қазақстан чемпионаты мен еурокубок ойындарын саралап, селекциялық жұмыстар жүргізілгенін жеткізді.

Кездесуді қорытындылай келе, Әділбек Жақсыбеков дайындық жоспарына оң баға беріп, жаттықтырушылар штабына жұмысты әрі қарай жалғастырып, еліміздің бас командасының ойынын жақсарту жолында табыс тіледі.

Бөлісу
Жоғары