Абылай Ералы: «Еуролиганың келесі кезеңінің жолдамасы – ортақ жеңіс»

Абылай Ералы: «Еуролиганың келесі кезеңінің жолдамасы – ортақ жеңіс»

19 тамыз, 00:26
Жағажай футболынан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Абылай Ералы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сұхбат берді.

- Абылай, жеңіс құтты болсын! Ойыннан қандай әсер алдыңыз?

- Маңызды ойында жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Бізге қажет есеп те тіркелді. Топтан шығу үшін үш доп айырмашылығымен жеңіске жету керек болды. 5:2 есебімен жеңіске жеттік. Олардың капитаны мықты екен. Екі гол соқты. 

- Біздің топтағы қарсыластардың ішінде ең мықтысы қайсы: Голландия, Чехия немесе Англия?

- Қазақстан деп ойлаймын. Бізден санасу керек екенін дәлелдедік. Чехиямен ойын аса маңызды болды. Өкінішке қарай, пенальти сериясында есе жібердік. Қарсыластан жақында Мәскеуде өткен жарыста басым түскен едік. Олар Катанияда қарымта қайтаруға тырысты.

- Португалияда өтетін промофинал туралы не ойлайсыз?

- Ол жақта да жақсы ойын көрсету қажет. Өткен жылы жарыстың осы кезеңіне қатысып, үшінші орын иелендік. Португалияда өтетін ойындар қиын болмақ. Алайда, біздің команда өз ісінің шебері.

Бөлісу
Жоғары