Президент Кубогының ашылу рәсімі «Хан-Шатыр» сауда орталығында өтеді

Президент Кубогының ашылу рәсімі «Хан-Шатыр» сауда орталығында өтеді

22 тамыз 2019, 12:54
Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы үшін футболдан жасөспірімдер арасында ХІІ халықаралық турнирінің ашылу салтанаты 23 тамыз күні сағат 20:00-де «Хан-Шатыр» сауда орталығында өтеді.

Елорда тұрғындары мен қала қонақтары, сонымен қатар, жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерін турнирдің ресми ашылу рәсіміне шақырамыз.

23-29 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы үшін футболдан жасөспірімдер арасында ХІІ халықаралық турнир өтеді. Жарысқа Қырғыз Республикасы, Армения, Тәжікстан, Литва және Қазақстанның екі құрамасы қатысады. Ойындар Футбол үйі ғимаратының алаңында өтеді. Барлық кездесу Қазақстан футбол федерациясының YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. 

Бөлісу
Жоғары