ҚФФ мен РФО жолдастық матч өткізді

ҚФФ мен РФО жолдастық матч өткізді

09 қыркүйек, 00:50
Ресейдің Калининград қаласында Ресей мен Қазақстан құрамалары арасындағы өтетін ойын қарсаңында Қазақстан футбол федерациясы және Ресей футбол одағының басшылары мен қызметкерлерінің, сонымен қатар, екі елдің футбол ардагерлерінің қатысуымен жолдастық матч ұйымдастырылды. 

Ойынды жақында ғана 100 жылдығын атап өткен «Пионер» стадионы қабылдады. 

Қазақстан футбол федерациясы құрамында Азамат Айтқожин, Талғат Байсуфинов, Асқар Әбілдаев, Марат Еслямов, сондай-ақ Ресейде тұратын қазақстандық футбол ардагерлері Максим Низовцев пен Андрей Тётушкин ойнады. 

Ал, Ресей футбол одағының құрамы Андрей Аршавин, Андрей Тихонов және Дмитрий Хлестов, сонымен қатар, бас хатшы Александр Алаевтан тұрды. 

Кездесу 8:7 есебімен Ресей футбол одағының жеңісімен аяқталды. Ойынның үздік ойыншысы атағы хет-трик авторы Андрей Аршавинге бұйырды. Кездесуде төрт гол соққан Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин де үздік ойыншы атағын алды. 

Ойыннан кейін Қазақстан футбол федерациясы футбол ардагері Максим Низовецвті туған күнімен құттықтап, сүйікті 11 нөмірлі жейдені сыйға тартты. 


фото - Шапаев Михаил / РФО

Бөлісу
Жоғары