Нир Левин: «Қиын ойында жеңіске жеткенімізге көңіліміз толады»

Нир Левин: «Қиын ойында жеңіске жеткенімізге көңіліміз толады»

10 қыркүйек, 22:25
Израиль жастар құрамасының бапкері Нир Левин Қазақстанмен өткен ойыннан кейін журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Жақсы әрі ауыр ойын болды. Жылдам гол соқтық. Алайда, әрі қарай ойын басымдығын қарсыласқа беріп қойып, гол жіберіп алдық. Кейін біздің қақпашы пенальтиден допты қайтарып, команданың рухын көтерді. Бірінші таймды жақсы аяқтап, екінші таймда бір мүмкіндікті пайдаланып, жеңіске жеттік. Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде екі рет сырт алаңда жеңіске жетті. Бірнеше күн бұрын Испанияға сес көрсетті. Сол себепті сырт алаңдағы жеңісімізге көңіліміз толады. Жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырған Қазақстан футбол федерациясына алғыс айтқым келеді.

- Үзілісте ойынға қандай өзгерістер енгіздіңіз?

- Бірінші таймның соңғы бес минуты қатты ұнады. Үзілісте ойыншыларға сол ойынды жалғастырып, орталық алаңда допқа бақылау орнатуды тапсырдым. Қапталдағы ойыншыларды да жақсы пайдаландық. Ойынға тыңнан қосылған футболшылар да көмектесті. Біздің орталық қорғаушы жарақат алып, жоспарымыз бұзылды. Дегенмен, қиын ойында жеңіске жеткенімізге көңіліміз толады

- Ойыннан гол соғатын сәттер көп болды. Алайда, екі голды да бұрыштама добынан соқтыңыздар. Ойынға қойылған жоспар ма?

- Қазақстан құрамасының соңғы үш ойынын мұқият қарадық. Черногорияда өткен кездесуде Қазақстан құрамасы керемет жеңіске жетті. Ойыннан гол соғуға ұмтылдық. Тек қана стандартқа үміт артқан жоқпыз. Бұрыштама добы - футболдың бір бөлігі.

Бөлісу
Жоғары