Қазақстан жастар құрамасының қатарында өзгеріс

Қазақстан жастар құрамасының қатарында өзгеріс

09 қыркүйек, 13:05
21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының сапында өзгеріс болды.

Испаниямен ойынға дейін тамағы ауырған шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет команда қатарынан кеткен болатын. Сол ойында дарақат алған қорғаушы Сағадат Тұрсынбай да қатардан шығып қалды. Испаниямен кездесуде қызыл қағаз алған шабуылшы Владислав Прокопенко де Израиль өтетін ойынға көмектесе алмайды. 

Жоғарыда аталған футболшылардың орнына «Қайсардың» шабуылшысы Өркен Махан мен «Астана» қорғаушысы Лев Скворцов шақырылды. 

Қазақстан U-21 - Израиль U-21 ойыны 10 қыркүйек күні 19:00-де басталады. «Астана Арена» стадионында өтетін ойынға кіру тегін!

 

Бөлісу
Жоғары